24 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №724

263 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 24 қараша Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» 2015 жылғы 1 маусымдағы №395 және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 16 маусымдағы №353 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы №395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №32, 202-құжат): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар; 2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.»; осы қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 3. Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік »; « 4. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама »; 2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №353 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №36, 209-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ережеде: 16-тармақтың 170) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «170) салық органдарына жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің – тұрғынжайлардың және саяжай құрылыстарының (оның ішінде жаңадан тұрғызылған); тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың құнын айқындауға негіз болатын мәліметтерді ұсыну;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда: 9-тармақ алып тасталсын. 2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ